Елбасы: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы. Замандастар естеліктері / Автор-құраст. Л. Омарова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана, 2015. –132 б.
Жинақ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинаққа ғылыми-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Елбасының замандастарынан алынған естеліктер мен деректер, «Мирас» журналында жарияланған сұхбаттар, музей қорынан алынған фотосуреттер енгізілген. Естеліктер жинағында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың балалық, жастық шағынан бастап қайраткерлікке дейінгі өмірі туралы баяндалады. Сол кезеңдердің куәгерлері, Елбасының ұстаздары, сыныптастары мен курстастары, жерлестері мен замандастары Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың шәкірт, жолдас, дос, тұлға ретіндегі қырларымен таныстырып, өздерінің ой-пікірлерін, қызықты мәліметтерге толы мазмұнды әңгімелерін еркін түрде ортаға салады.
Жинақ оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеушілерге, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.