МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің белгісі: ғыл.-әдіст. құрал / ғыл. ред. басқ.А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; авт.-құраст. Г. Ә. Рамазанова. – Астана: ҚР ТПМ, 2016. – 88 б. – қазақ тілінде Ғылыми-әдістемелік құрал «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасының «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалды. Еңбекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы кеңірек әрі жан-жақты мағлұмат беріледі. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерін – Туын, Елтаңбасын, Әнұранын білу, қастерлеу, ардақтау әрбір азаматтың парызы. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді жас ұрпаққа үйрету негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, адамгершілікке баулу мәселелері баяндалады. Аталмыш еңбекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қор материалдары ғылыми айналымға енгізілген. Еңбек көпшілік оқырманға арналған.