Конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер 2014

«Стратегия–2050» контекстіндегі Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: тәжірибе және перспективалар» атты «дөңгелек үстел» өткізілді

26 қараша 2014

2014 жылы 25 қарашада сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Стратегия–2050» контекстіндегі Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: тәжірибе және перспективалар» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

       «Дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Гейдар Әлиев. Тұлға және заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

06 мамыр 2014

2014 жылы 6-шы мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде әзірбайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлирза оглы Әлиевті еске алуға арналған «Гейдар Әлиев. Тұлға және заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейі Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Тарихи таңдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

27 сәуір 2014

 2014 ж. 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Тарихи таңдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.Іс-шара Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» жұмысына Білім басқармасының әдіскерлері, қоғамдық пәндердің оқытушылары, елордалық колледждердің студенттері, жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.