2008 жылдың 10 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент Музейінде «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Жұмыс барысында егемен мемлекеттің қалыптасу және даму тарихының өзекті мәселелері талқыланды. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар көп этносты қазақстан қоғамының бірлігін сақтау мен нығайтудың бірегей тәжірибесін қорытындылады.