29.05.2017
Гейдар Алиев қорының қолдауымен Әзірбайжан 57-ші Венеция биенналесіне қатысады
«Бір күннің астында. Бірлескен өмір мәдениеті» ұлттық павильонында Әзірбайжанның көпмәдениетті дәстүрлері, этномәдени саналуандығы мен толеранттығы бейнеленді.
Венецияның көрікті жерлерінің бірі – Кампо Санто-Стефанодағы XIV ғасырғы Lezze сарайында көпшілік назарына ұсынылған көрменің тұжырымдамасы Әзірбайжанның сан алуан мәдениетін паш етеді.