Ғылыми кеңес


            Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Ғылыми кеңесі ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметі мәселелерін қарастыратын коллегиялық кеңесуші орган болып табылады.

Ғылыми кеңестің құрамына төраға мен оның орынбасары, ғалым-хатшы, сондай-ақ директордың орынбасарлары, қызмет басшылары, жетекші ғалымдар, ғылыми дәрежесі бар мамандар кіреді. Ғылыми кеңестің төрағасы – Кітапхананың директоры. 

Ғылыми кеңес қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың теориялық пайымдауларын, саяси қызмет тәжірибесін, көшбасшылық феноменін мақсатты түрде зерттеуді, Елбасының жасампаз, шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ел ішінде және шет елдерде ғылыми-талдамалық, ақпараттық-имидждік тұрғыдан ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулерді кешенді түрде дамытуды көздейді.

Ғылыми кеңес ұйымдастырушылық, тұжырымдамалық-стратегиялық жоспарлау, сараптамалық-талдамалық, әдістемелік, әдіснамалық жұмыс бағыттарын институциялауға мүмкіндік береді. Ғылыми кеңестің қызметін жоспарлау осы бағыттарға сай жүргізіледі.

Ғылыми кеңестің жұмысы архив, кітапхана мен музей, ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ерекшеліктері бойынша ғылыми зерттеулерді үйлестіруге, біріктіруге мүмкіндік берді.

Ғылыми және ғылыми-білім беру бағдарламаларын, ғылыми-экспозициялық және ғылыми-қор жобаларын іске асыру аясында жүзеге асырылатын зерттеулер мен басылымдар Ғылыми кеңес мүшелерінің талқылауы мен бекітуіне ұсынылады.

Барлық басылымдар Кітапхананың білім беру, экскурсия, қор және т.б. бағыттағы жұмыстарында сәтті түрде пайдаланылады.

Ғылыми кеңестің шешімдері – ғылыми-зерттеу және қолданбалы жұмыс нәтижелерінің жарыққа шығуына негіз.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНДЕ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

26 желтоқсан 2017

26 желтоқсанда Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің отырысы болды. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов жылдық жұмысты қорытындылай келе, жобалар аясындағы ғылыми зерттеулерді сапалы жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ РЕСМИ ТІРКЕЛДІ

06 қазан 2017

Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Елбасы кітапханасы директорының және Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен кезекті Ғылыми кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың ашылуында Әмірхан Рахымжанов барлық қатысушыларды бүгінгі маңызды жаңалық –...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

19 маусым 2017

Бүгін Елбасы кітапханасында құрылған Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Әмірхан Рахымжанов жетекшілік етті.

– Елбасы кітапханасында ғылыми...