Ғылыми-білім беру бағдарламасы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БОЛАШАҒАМЫЗ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА»

ғылыми-білім беру бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми-педагогикалық қызметі 4 жобадан тұратын  «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БОЛАШАҒАМЫЗ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА» ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы іске асырылады:

  1. «Рухани жаңғыру: дәстүрлер мен инновациялар» ғылыми-білім беру жобасы.
  2. «Атамекен» ғылыми-білім беру жобасы.
  3. «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» семинар-тренингі.
  4. «Тұлға. Тарих. Тағылым» жобасы.

«Рухани жаңғыру: дәстүрлер мен инновациялар»

ғылыми-білім беру жобасы

 

Жобаның мақсаты – ата-бабамыздан қалған дәстүрді сақтай отырып, жаңашылдыққа ұмтылу арқылы жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру жолындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын іске асыру.

Міндеттері:

1. Педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, саяси зерттеулер жүргізу.

2. Әдістемелік жинақтар, ғылыми-техникалық материалдар, мақалалар және т.б. баспа өнімдерін басып шығару.

3. Азаматшылдықты, патриотизмді, адам құқықтары мен еркіндігін, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерін құрметеуді тәрбиелеу.

4. Шеберлік сабақтар, тренингтер, музейлік ашық сабақтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өткізу.

 

«Атамекен»

 ғылыми-білім беру жобасы

 

Жобаның мақсаты – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың туған жеріне, мәдениетіне, Қазақстанның елордасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру,  сондай-ақ құзіреттілік, зерттеушілік дағдыларын, дербес ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Музейдің ықпал ету кеңістігін кеңейту.
  2. Балаларды дербес тарихи ойлауға, ауыл мен қала мәселелеріне қатысты белсенді, адамгершілік ұстанымдарға, еліміздің тарихы мен қазіргі дамуына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  3. Интеллектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті мектеп жасына дейінгі баланың Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты ретінде қалыптасуына, дамуына және өзін-өзі көрсете алуына жағдай жасау;
  4. Қалалық урбандалу мәдениетіне бейімделу дағдыларын дамыту.
  5. Оқушылардың дербес зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту.

 

«Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты»

семинар-тренингі

Семинар-тренингтің мақсаты – оқушы жастар мен мемлекеттік қызметкерлерді патриотизм және азаматтық сана-сезім рухында тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың жасампаздық құндылықтық ұстанымдарын нығайту контекстінде қазақстандық мемлекеттілік пен Қазақстан Республикасының даму тарихын танымалдандыру.

Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу сатыларын түсіндіру.
  2. Егеменді Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласының даму ерекшеліктерін анықтау.
  3. Қазіргі замандағы әлемнің негізгі факторлары мен сын-қатерлерін қарастыру және Қазақстан Республикасының әлем қауымдастығындағы жаһандық орнын қарастыру.
  4. Жастарды жалпыұлттық және адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
  5. Тарихтағы тұлға факторы және оның ел дамуындағы тағдыршешті кезеңдердегі рөлін пайымдау.
  6. Жаңа Қазақстан азаматтарының азаматтық сана-сезімдері мен бәсекелік қабілеттерін қалыптастыру.

 

«Тұлға. Тарих. Тағылым» жобасы

Жобаның мақсаты – Қазақстан мемлекеттілігі, ғылымы, мәдениетіне сүбелі үлес қосқан қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің  өмірбаянын, саяси идеяларын зерттеу, сондай-ақ өзінің қажырлы еңбегінің, білімі мен дарынының арқасында табысқа жеткен адамдардың шынайы тарихын қоғамға, әсіресе жастар арасында танымалдандыру,

Міндеттері:

  1. Қазақстанның аса көрнекті тарихи қайраткерлерінің ғылыми, рухани-адамгершілік мұрасын зерттеу және танымалдандыру.
  2. Өскелең ұрпаққа қазақ халқының көрнекті өкілдерінің, ғылыми, шығармашыл зиялылардың үлгісімен патриоттық тәрбие беру.
  3. Өмірбаяндары өзгелерді ынталандырып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық табысты, батыл, бәсекеге қабілетті жастар үшін жаңа мультимедиялық алаңын жасау.
  4. Іс-шаралар циклін, соның ішінде оқушылар мен студенттердің белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерімен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесулерін өткізу.