«Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрме қызметінің маңызды бағыттарының бірі – «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасын жүзеге асыру. Жобаның пайда болу тарихы 2011 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеуден басталады. Жыл сайын жоба еліміздің жаңа саяси тарихының түрлі қырларын ашады, әрбір көрме белгілі бір тақырыптық бағыттағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН «ТАРИХИ ТАҢДАУ» КӨРМЕСІ

28 қараша 2019

27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Тарихи таңдау» көрмесі ашылды.

  

Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі...