Ғылыми кеңес


Ғылыми кеңес - ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық қызмет мәселелерін қарастыратын Елбасы кітапханасы директорының жанындағы алқалық кеңестік орган.

Ғылыми кеңестің негізгі мақсаттары:

- Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қызметін жетілдіру;

- Қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың теориялық әзірлемелерін, саяси дағдылық тәжірибесін, көшбасшылық феноменін мақсатты зерделеу мен ұғыну бойынша ғылыми зерттеулерді кешенді дамыту, сондай-ақ, еліміз бен шет елдерде Тұңғшы Президенттің жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ғылыми-талдамалық, ақпараттық-имидждік ілгерілету;

- Елбасы кітапханасы қызметтері жұмыстарының қорытындыларын одан әрі ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қызметке енгізу арқылы тиімді пайдалану.

24.09.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

24 қыркүйекте Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Кезекті басқосуда ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалған басылымдар ұсынылды. «Біз білетін Елбасы» естеліктер жинағы – Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлерінің көпжылдық шығармашылық ізденістері мен тынымсыз ғылыми зерттеулерінің нәтижесі. Төртінші кітапта Қазақстанның 23 белгілі қайраткері: А. Бижанов, Б. Әйтімова, А. Қоразбаев, Т. Мансұров, Д. Қыдырәлі, Б. Сапарбаев, А. Тасболатов, Е. Хасанғалиев және т. б естеліктері топтастырылған.

23.06.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Елбасы кітапханасының Ғылыми кеңесі 2017 жылы құрылған сәттен бастап ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметі мәселелерін қарайтын  алқалы кеңесші органға айналды. Ғылыми кеңестің жұмысы ұйымдастырушылық, тұжырымдамалық-стратегиялық жоспарлау, талдау-сараптамалық, әдістемелік, әдіснамалық секілді қызмет бағыттарын саралауға мүмкіндік берді.

30.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Елбасы кітапханасының директоры, Ғылыми кеңестің төрағасы Әмірхан Рахымжанов алғы сөзінде қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, биылғы жылы пандемия салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, кітапхана өзінің ғылыми-зерттеу қызметін белсенді түрде жалғастырғанын атап өтті.

01.10.2020 | ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС БАС ҚОСТЫ

Бүгін Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде негізгі жұмысты ұйымдастыруға байланысты 6 мәселе пысықталды.

25.12.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Елбасы кітапханасының ғылыми кеңесі биылғы жылдың жұмысын қорытындылады. Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә.Рахымжановтың төрағалығымен өткен отырыста 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағын, Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарын дайындау, «Ел тағдырын айқындаған Тәуелсіздік» форумы матариалдарының жинағын,

04.10.2019 | КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор, Ғылыми кеңес төрағасы Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты ашқан Әмірхан Мұратбекұлы күн тәртібіне сәйкес қаралатын мәселелерді жариялады. Елбасы кітапханасы директорының орынбасарлары К.Ақтаева мен Б.Қайыпова, жетекші ғылыми қызметкер Ә.Оспанова, ғылыми қызметкерлер Г.Атабаева, Қ.Өзенбаева баяндама жасады.

28.03.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

28 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы  кітапханасы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен өтті.   

03.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Елбасы кітапханасы директорының орынбасары және Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен кезекті Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырысты ашқан Әмірхан Рахымжанов Ғылыми кеңестің күн тәртібіне белгіленген сұрақтарына тоқталды.

Беттер