Асемқұл Бейбіт
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі -Қазақстандағы музейлердің ішіндегі көшбасшысы екеніне көзіңіз жету үшін міндетті түрде ол керемет ғимаратқа барып, оны түгел аралап танысып қайту қажет! Расында музейде жоғары деңгейде қызмет ететін Алма Сағынғали бастаған еңбекқор жандар өз жұмыстарын тиянақты орындап тек халықтан ризашылықпен ізгі тілектерке әрдайым бөленіп жатқаны бәрінеде мәлім. Музейде өткізілетін көрмелердің түрлері сан алуан әр көрмеге жеке көзқараспен жаңа оймен қайталанбас түрде өтетіні адамды қуантады .Менде осы музейдің арқасында "Үкілі үміт "жастарды қолдау жобасында өткізілген, Өнер әлеміне самғау атты алғашқы жеке көрмеме қол ұшын созған осы ғимараттын жан ашыр тұлғалары екенін растаймын . Өйткені ондағы қызметкерлердің сапалы және өз жұмыстарын тиянақты істейтіндерін менде бағалап мақтан тұтамын Осындай керемет шаралар әліде болатынына кәміл сенемін. Музейде жиналған жалпы Қазақстаннан ғана емес .жалпы дүние жүзінен арнайы сол ғимаратқа көз тойдырмас құнды дүниелер сый ретінде тартылып өз орнын тауып тұр. Музейге келушілердің бәрі үлкен әсерді тек ішіндегі безендірілген дүниеден алып қана қоймай. сонымен қатар музейде халық үшін қызмет ететін қызметкерлерденденде сезіп ыстық ықылас лебіздерін айтып жататыны тағыда рас .Мен бұл музейге тілерім әрдайым осылай халықтың. қонақтардың көңілінен шығып мәңгі жасай берулеріне ШЫН ЖҮРЕКТЕН тілектеспін.