Масғұт Хасен, № 58 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Ұлы тұлға Мұхтар Әуезовтің «ел мен елді, ұлт пен ұлтты білім ғана теңестіреді» деп айтып кеткен осы бір ұлағатты пікірі өз болашағы жолында биік асуларға құлаш сермеген қазақ елі үшін одан сайын зор маңыз алып отырғаны ақиқат. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 даму стратегиясында және ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген биік мақсаттар жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде заман талабына сай іскерлікпен шешкенде ғана мүмкін болмақшы. Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа егеменді еліміздің шежіресін, Елбасымыздың сарабдал да сындарлы саясатын насихаттау жолында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі елеулі еңбек жасап, сүбелі үлес қосуда. Соның айқын бір дәлелі Музей қабырғасында «Мемлекет басшысының имиджі» тақырыбында өткен шеберлік сыныбын айтуға болады. Бұл дәріске елорда мектептерінің мұғалімдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды, Елбасының білім беру саласына қатысты мақсат-міндеттерін талқылады. Тақырып өте қызықты, өзекті, болашақ ұрпақты көшбасшылыққа тәрбиелеуде өте маңызды ақпараттар берді. Шеберлік сыныптың қорытындысы ретінде Музей әкімшілігі тарапынан тыңдаушыларға сертификат тапсырылды. Мұндай шеберлік сыныптың Музей тарапынан ұйымдастырылып, мұғалімдер қауымына тың жаңалықтармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды