Журнал туралы

«NN Journal» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамаларын ғылыми-тарихи зерделеуді, зияткерлік қолдауды және қоғамда тиімді насихаттауды кеңінен қамтыған Елбасы кітапханасының ресми басылымы. Журналда Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту қызметінің нәтижелері де жарияланып келді. Елбасы кітапханасының журналы Қазақстанның ішінде және одан тыс жерлерде мақсатты оқырмандармен тікелей идеологиялық қарым-қатынас құру түрінің біріні айналды. Басылым толығымен Елбасының тұлғасына, оның саяси қызметіне, қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына қосқан тарихи зор үлесі мен барлық әлемге ықпал еткен стратегиялық бастамаларын жариялады. «NN Journal» журналының қызметі Елбасының стратегиялық бағытын қалың жұртшылыққа түсіндіру, мемлекеттік идеологияға шығармашылық және ақпараттық-сараптамалық қолдау көрсету және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларына жан-жақты талдау жасауға арналды. Журналдың негізгі мақсаты ретінде Тұңғыш Президенттің тәуелсіз мемлекеттілікті дамытудағы қызметі мен мол үлесін кешенді түрде көрсететін қазіргі заманғы мемлекеттік дамудың нақты өзекті мәселелері бойынша тұжырымдамалық тақырыптық сандарын шығару көзделді. Журналдың өзектілігі Елбасы қызметі арқылы Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаюының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамдық-саяси және ғылыми-зерттеу маңызы бар ашық пікірталас кеңістігін құру қажеттілігінен туындатты. Журналдағы жарияланымдардың түрлері: ғылыми мақалалар, сараптамалық пікірлер, тақырыптық аналитикалық шолулар мен материалдар, рецензиялар, қысқа хабарламалар (пікірталастар мен талқылаулар, жазбалар, конференция шолулары), дайджестер, фоторепортаждар. Журналдың авторлық ұжымы беделді саясаткерлерден, сарапшылардан, ғалымдардан, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, Елбасы кітапханасының жобалары мен іс-шаралары жөніндегі серіктестерінен құрылды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тоқсан сайын 2022 жылға дейін жарық көріп, алыс-жақын шетелдерге таратылып келді.