Елбасы кітапханасының музейлік жинағындағы ең басты әрі маңызды топтамалардың бірі – ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің наградалары қоры. Наградалар қоры жоғары мемлекеттік наградалар және қоғамдық наградалар топтамасы болып екіге бөлінеді.
Қоғамдық наградалар топтамасы келесі топтарға бөлінеді:
1) мерейтойлық медалдар, ғылыми және құрметті атақтар;
2) мемориалдық заттар (естелік кәдесыйлар, естелік тақтайшалар);
3) С.А. Назарбаеваның наградалары (мемлекеттік, қоғамдық наградалары, ғылыми және құрметті атақтары).
ТПЕК 5124. Түркі әлемінің Жоғарғы ордені. Түркі Кеңесінің Төрағасы, Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен. 15.10.2019 ж.
ТПЕК 4444. Медаль. І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінен. 2017 ж.
ТПМ 3038. Бейбітшілік және превентивтік дипломатия сыйлығы. «Шығыс-Батыс» институты. АҚШ. 13.04.2010 ж.
ТПМ 3810/1-2. «Жібек жолы» Бейбітшілік сыйлығы. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнен. АӨЫСШК-ң ІV саммиті. Шанхай қ., КНР. 2014 ж.