Бейнелеу өнерінің туындылары топтамасы келесі тақырыптық кешендерден тұрады:
1) мүсін (материалы бойынша: қола, ағаш, шойын, гипс және т.б деп бөлінеді);
2) сурет өнері (жанрлары бойынша: пейзаж, портрет, натюрморт, тарихи жанр, тұрмыстық жанр, икона жазу, анимализм деп бөлінеді);
3) графика (орындау техникасы бойынша: линогравюра, литография, автолитография, гравюра, офорт, бедерлеме деп бөлінеді);
4) сәндік-қолданбалы өнер: гобелендер, паннолар, батиктер;
5) нобайлық және кеңістіктік бейнелер: макеттер, карталар, атластар, плакаттар, нақпішіндер, күнтізбелер, ашық хаттар, сызбалар;
6) фоторепродукциялар, көркем фотоальбомдар;
7) балалар суреттері.
ТПМ 1923. Е. Сидоркин. «Бесік жыры». «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» сериясы. Автолитография. 1964 ж. 59х73,5 см.
ТПЕК 5157. Гобелен. «Үшқоңыр». Жүн жіптер. Қол тоқымашылығы. 100х158 см. Авторы Б.Зәуірбекова. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтан. 06.07.2020 ж.
ТПЕК 4839. Кескіндеме. «Қайыңды тоғай». Жұзақ, жылантас, зертас, жасылтас. Тас үгіндісімен көркем әшекейлеу. 59х88 см. Тәжікстан Президенті Э. Рахмоннан. 14.03.2018 ж.
ТПЕК 4904. Панно. «Сәбиге тағзым ету». Ағаш. Ағашты барельефті оймыштау, жылтырату, лактау. 30,5х35 см. Авторы З. Церетели. Орыс православ шіркеуі Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдан. 07.01.2019 ж.
ТПЕК 4787. Мүсін. «Шапшыған жылқы». Каолин, ағаш, металл. Сомдау, күйдіру, қолмен бояу. Б – 52 см. Авторы Ауро Белкари. «Минги-тау» қарашай-балқар ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Л.Хочиевадан. Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы. 21.01.1999 ж.
ТПМ 4069. Мүсіндік композиция. «Тау адамы». Қола. Құю. Б – 36 см. Фредерик Ремингтон мүсінінің репродукциясы. АҚШ делегациясынан. 2015 ж.
ТПЕК 5100. Мүсін. «Ұлы жібек жолындағы керуен». Жез. Қалқалы эмаль (клуазоне), нақыштау, алтындау. Б - 56 см. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен. 28.04.2019 ж.