Жұмсақ инвентарь топтамасы келесі тақырыптық кешендерден тұрады:
1) тұрмыс заттары: сүлгі, дастархан, майлық;
2) вексиллология: ту, жалау, байрақ, жалауша;
3) матаның әр түрінен жасалған, жұмсақ материалдардан дайындалған жұмсақ кәдесыйлар.
ТПМ 1986. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Крепдешин. Тігу. Талғат Мұсабаевтың 1998 жылғы 29 қаңтар – 25 тамыз аралығындағы екінші ғарышқа ұшуы кезінде ғарыш станциясына алған туы. Ұшқыш-ғарышкер Т. Мұсабаевтан. 25.08.1998 ж.
ТПМ 3159. Панно. «Ақ ниет». Масаты, атлас, жүн жіп. Кестелеу. Қазақстан халқы Ассамблеясынан. 06.07.2010 ж.
ТПМ 3550. Азия Олимпиадалық Кеңесінің туы. Полиэстр. Машинамен тігу. 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен VII қысқы Азия ойындарын насихаттауға арналған қазақстандық мото-экспедициясының жетекшісі Д. Петрухиннен. 2012 ж.
ТПМ 3432. Панно. Мата. Кестелеу. Индология және дінаралық диалогті зерттеу институтының төрағасы Сомайя Самир Шантиладан. 30.05.2012 ж.
ТПМ 2156. АҚШ мемлекеттік туы. Нейлон. Тігу. Флорида штатының конгрессмены Роберт Векслерден. 27.09.2006 ж.
ТПМ 751. Кәдесый. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 50-жылдығына арналған мерекелік астың бағдарламасы жазылған жібек қағаз. Жібек қағаз. Баспа. Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 50-жылдығы мерекесін тойлаудың ұйымдастырушыларынан. 06.05.1995 ж.
ТПМ 2559. Рушник. Украиндық дәстүрлі кестелі орамал. Зығыр. Кестелеу. Полтава қаласы мэрінің орынбасары Л. Семенягадан. 2008 ж.