"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентіне тарту етілген сыйлықтар"

Күмбезді залдың фойесі. " Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентіне тарту етілген сыйлықтар" экспозициясы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің атынан мерекелік даталар мен оқиғаларға байланысты салтанатты қабылдау рәсімдері ұйымдастырылған Күмбезді залға іскери кездесулер мен келіссөздер, ресми сапарлар кезінде Елбасына тарту етілген сыйлықтар - кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.
        Мемлекет басшылары арасындағы сыйлық алмасу дәстүрі адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ең ежелгі дәстүрлердің бірі болып саналады. Сыйлық сол заманда да, қазір де – ізгі ниет пен сенімнің кепілі. Халықаралық және мемлекетаралық сұхбаттарда сыйлық алмасу ынтымақтастыққа деген ашықтықты, өзара құрмет актісін білдіреді.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасына тарту етілген сыйлықтар республикамыздың халықаралық беделіне көрсетілген құрмет пен мойындау белгісі болып табылады. Сыйлықтардың жалпы саны жеті мыңнан асады, оларды әлемнің елуден астам шет мемлекеті тарту еткен.