Монографияда бірегейлік саласындағы шетелдік және отандық авторлардың еңбектеріндегі теориялық және қолданбалы зерттеулер негізінде, сонымен қатар бірегейліктің қазіргі жағдайы мен деңгейін сипаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізілген контент-сараптамалардың нәтижелері ұсынылған. Қазақстан Республикасындағы демократиялық қайта жаңғыру контексінде қазақстандық қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың ерекшеліктері баяндалған.