Музей и дети (азбука-путеводитель для самых маленьких) / Жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; автор–құраст.: С.Қ. Жакупова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2016. – 32 б.
Жол көрсеткіш-әліппе- мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Аталған басылымда әліппені Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихындағы маңызды оқиғалар арқылы оқыту ұсынылып отыр. Басылым балалар үшін ұғынықты тілде жазылған. Жол көрсеткіште орыс алфавитінің 28 әрібі пайдаланылған (Ё, Й, Ъ, Ы, Ь әріптері қамтылмаған). Әр бір әріпке жеке бет арналған. Жол көрсеткіш балаға музейлік мәліметтерді тиімді түрде жеткізе алады. Музейлік әліппенің басты ерекшелігі танымдық материал дербес оқу үшін құрастырылған. Өлең жолдары түрінде берілген тапсырмаларды орындау, жұмбақтардың шешуін табу, рәміздерді зерделеу, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі қорының фотосуреттерімен көру арқылы балалар музей экспонаттарын таниды және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ролі туралы алғашқы танымдарын қалыптастырады.
Жол көрсеткіш-әліппе мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына, ата-аналар, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне, педагогикалық және музейтанулық мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.