«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы.
      Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы неғұрлым тартымды жәдігерлермен таныстырады. Азия, Еуропа, Америка халықтарының рухани мәдениетінің жоғары үлгілері суретшілердің, мүсіншілердің, зергерлердің бұйымдары арқылы нақтылы көрсетілген. Жер шарының түрлі аймақтарының материалдық мәдениеті қазіргі өркениеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи, шаруашылық ерекшеліктерді бейнелейді.
      Музей коллекцияларын сақтаушылардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері оқушылар үшін де, студенттер үшін де, сонымен қатар тарих-этнология және мәдениеттану бейініндегі мамандар үшін де ғылыми және танымдық қызығушылық туғызады.