«Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары енгізілді.
Мұнда қазіргі кезеңдегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беруші әлеуетімен, музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялармен, музей педагогикасымен, келушілермен жұмыстың жаңа нысандарымен байланысты мәселелер қорытылды.
Конференцияға жеті елден музей қоғамдастықтарының өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.