«Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдері бойынша көпшілік кітапханалар үшін кітапханалық-библиографиялық топтастырылым кестелеріне толықтырулар

«Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдері бойынша көпшілік кітапханалар үшін кітапханалық-библиографиялық топтастырылым кестелеріне толықтырулар/жалпы редакциясын басқарған А.С. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана, 2010.
      Көпшілік кітапханалар үшін КБТ кестелеріне ұсынылған толықтырулар «Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдерінің мазмұны мен құрылымына орай, кітапханалық қордың сапалы ұйымдастырылуына (рубрикация) арналған.
      Толықтырулар дәуірге бөлу және отандық тарихтың ішкі мазмұны мен көркем әдебиетті баяндауда қазіргі ғылыми білім деңгейіне сәйкес келеді, зерттейтін материалды тиімді іздестіру, сонымен бірге «АС-Музей» ақпараттар базасында іздеу және іріктеу үшін қолданылады.