Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары. Ғылыми-тәжірибелік семинар материалдары./ ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010. – Қазақша, орысша.
Жинаққа «Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» ғылыми-тәжірибелік семинарының материалдары енгізілген. Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен адам бойында лидерлік қасиеттерді дамыту жолдарын зерттеуге бағытталған Елбасының кіші Отанында ғылыми-іздестіру жұмыстарын, балалар конкурсын өткізуге байланысты мәселелер тәжірибелері жинақталған. Семинарға мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары, Астана қаласы білім мекемелерінің өкілдері қатысты.