Елбасы және тәуелсіздік

Елбасы және тәуелсіздік: «дөңгелек үстел» материалдары / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
Жинаққа Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» материалдары енгізілді.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлі, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесі талқыланды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына мемлекеттік ұйымдар, жоғары оқу орындары және педагогикалық қоғамдастық өкілдері қатысты.