Көшбасшылық және тұлға

Көшбасшылық және тұлға: ғылыми басылым / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
Ұсынылып отырған ғылыми басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттің қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру барысында дайындалған. Монографияға тұлғаның бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуы мен даму жолдарын қарастыратын еліміздің және шет елдердің көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткерлері мен ғалымдардың мақалалары жинақталған.