Қазақстан: құрмет пен ынтымақтастық жолында 20 жыл: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
«Қазақстан: құрмет пен ынтымақтастық жолында 20 жыл» жинағында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қор сақтаушыларының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ұсынылған. Жинақ материалдарында Елбасы Жеке мұрағатындағы құжаттар мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа сыйға тартылған сыйлықтардың негізінде Қазақстанның көптеген шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды орнату тарихы, сонымен қатар мемлекет басшылары арасындағы сыйлық алмасу дәстүрі көрініс тапқан.
Жинақ тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер, гуманитарлық саладағы оқу орындары, сонымен қатар Қазақстанның тарихы, этнологиясы, мәдениетімен танысуға құштар оқырмандарға арналған.