2012 жыл Астана – түркі әлемінің астанасы: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
«2012 жыл Астана – түркі әлемінің астанасы» ғылыми-қор жинағына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі коллекция сақтаушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрініс тапқан. Коллекция жәдігерлері түркі әлемінің рухани-мәдени тұтастығын біріктіретін орталығы ретінде Қазақстан Республикасын танытатын Қазақстанның мәдениаралық өзара қарым-қатынасы мен түркітілдес халықтардың әртүрлі кезеңдерін иллюстративті түрде көрсетеді.
Жинақ тарихшылардың, этнографтардың, мәдениеттанушылардың қызығушылығын тудырады, мектеп оқушылары мен студенттер, гуманитарлық саладағы оқу орындары, сонымен қатар Қазақстанның тарихымен, этнологиясымен, мәдениетімен танысуға құштар оқырмандар арасында қолданылуы мүмкін.