Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: ұжымдық монография / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
Осы ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның нығаюы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Монографияға Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен нығаюының негізгі мәселелерін қарастыратын жетекші мамандардың жұмыстары енгізілді.
Аталмыш жұмысқа Елбасының Жеке мұрағатынан алынған оның қолтаңбасы бар құжаттар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылады.