Мұражай қызметін қамтамасыз ету бойынша нормативтік және әдістемелік материалдар: жинақ = Нормативные и методические материалы по обеспечению музейной деятельности: сборник / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – Қазақша, орысша. – 186 б.
Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау орталығы мен Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығы құрастырған нормативтік және әдістемелік материалдарының топтамасынан қалыптастырылған. Осы материалдар мұражай мекемелерінің қызметінде ақпараттық технологиялардың қолданылуы мен есепке алу, сақтау принциптерінің жүйелілігін және мұрағат, кітапхана, мұражай жәдігерлерін зерттеудің негізгі бағыттарын регламенттейді.
Мемлекеттегі мұражай мекемелерінің қызметіндегі нормативтік және әдістемелік базаны қалыптастыру жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді. Дегенмен, осы саладағы жинақталған тәжірибе мен жаңа тәсілдерді толықтыру мен ғылыми жүйелеу қажеттілігі азайған жоқ. Керісінше, жаһандық мәдени-ақпараттық кеңістіктің өрістеуіне байланысты мұражай қызметінің негізгі бағыттары бойынша отандық нормативтік және әдістемелік әдебиеттің жетіспеуі айқын көрінеді.
Жинақтың құрылымы мұражай бөлімшелерінің қызметін нормативтік және әдістемелік жағынан жүйелейтін екі бөлімнен құрылған. Барлық материалдар тәжірибелік апробациядан өткізілген.
Жинақ материалдарын республиканың мұражай мекемелерінің тәжірибелік қызметінде қолдануға болады.