Кітап полиграфиялық өнердің үлгісі ретінде

Кітап полиграфиялық өнердің үлгісі ретінде: кітаптардың каталогы / құрастырушы Л. Қ. Ахметова; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, 2013. – 40 б. – («Н. Ә. Назарбаевтың Жеке кітапханасындағы кітаптар коллекциясы» сериясы).
Аталмыш каталогты музейлік жинаққа ғылыми-қор зерттеу жүргізу аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі дайындады. Каталогқа материалды іріктеу критерийлері дүниежүзілік мемлекеттердің тарихы мен мәдениеті бойынша кітаптардың ақпараттық бағалылығы мен полиграфиялық сипатталуы – мұқаба, қаріп, суреттің бірегей ерекшеліктері, құрастырушылардың беделдігі болып табылады.
Каталогқа кітап-экспонаттардың 32 аннотациялық библиографиялық сипаттамасы енгізілген.  Каталогқа енгізілген кітаптар сый қолтаңбасы бар жазбаларымен ерекшеленеді, мұнда әдеби ғана емес, мәдени естеліктер болып табылатын сыйға тартушылардың  ілеспе хаттары да енгізілген. Каталог дүниежүзілік мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін, саяси процестерін зерттеуші, сонымен қатар заманауи полиграфия саласының мамандарына арналған.