Бейбітшілік пен келісім – бірліктің және гүлденудің жолы (Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінің шақырылуы бастамасының 10 жылдығына арналған); ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 204 б.
«Бейбітшілік пен келісім – бірліктің және гүлденудің жолы» ғылыми-қор жинағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің шақырылуы бастамасының 10 жылдығына арналады. Жинақта Музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу және қор қызметінің негізгі бағыттарына арналған зерттеу нәтижелері жарияланған.
Аталмыш жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қорынан алынған құжаттар қолданылған.
Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және толеранттылықтың қазақстандық үлгісі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.