Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ғылыми-іздестіру жұмысының ұйымдастырылуы: тәжірибе, мәселелері және келешегі /автор-құраст. Л. Омарова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі,, 2013. - – 48 б.
Брошюра «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы бойынша «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Брошюрада қорды жинақтау қызметінің бір саласы болып табылатын ғылыми-іздестіру, жинақтау жұмыстарының теориясы мен әдіснамасы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ғылыми-іздестіру жұмысынының ұйымдастырылу тәжірибесі туралы баяндалады.
Брошюра музей қызметкерлері мен музей қызметін ұйымдастыру және зерттеу мәселелерімен айналысатын көпшілік оқырман қауымға арналған.