Музей педагогикасы (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен): ғылыми-әдістемелік басылым = Музейная педагогика (из опыта работы Музея Первого Президента Республики Казахстан): научно-методическое издание / құраст. Р. Қазбекова, Ә. Оспанова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 120 б. – Қазақша, орысша.
Осы ғылыми-әдістемелік басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің мәдени-ағарту қызметінің тәжірибесін жинақтау мақсатында білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Авторлар үдерістердің ортақтығы және отандық бағыттың ерекшелігі аясында құбылысты кең ауқымда қарастыруға мүмкіндік беретін музейлік-педагогикалық даму тарихының материалдарын қолданады. Брошюраның негізінде – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Музей педагогикасы орталығының инновациялық тәжірибесі жатыр.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.