Теңге – тәуелсіздіктің символы (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 20 жылдығына арналған музейлік жәдігерлердің каталогы)/жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали; авт.-құраст. К. Қ. Ақтаева, С. Қ. Сағымбаев, З. А. Әубәкірова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 90 б.
Каталогта алғашқы рет «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің символы» тақырыбы бойынша жәдігерлерді жүйелеудің ғылыми-қор нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған қазақстандық нумизматика коллекциясы ұсынылған.
Қысқаша шолуда қазақстандық ұлттық валютаның қабылдануы мен нығаю процестері туралы баяндалатын музейлік коллекцияның құрамына сипаттама берілген, Қазақстан Республикасының Теңге сарайы мен Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасының қалыптасуы мен қызметі туралы ақпараттар ұсынылған.
Коллекциялық монеталарға қысқаша сипаттама берілген және тақырыптық сериялары бойынша орналасқан. Монеталар бойынша анықтамалық материал берілген.
Банкноттар хронологиялық тәртіппен – шығарылу жылы бойынша ұсынылған. Каталогтың соңында кестелер ұсынылған: банкноттардың су белгілері мен қорғаныш элементіне, банкноттардың хронологиялық тізбесіне сипаттама берілген. Әрбір экспонаттың фотоиллюстрациясы бар.
Көпшілік оқырман қауымға арналған, «Көмекші тарихи пән» курсын оқытуда қолданылады.