Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының музейлік коллекциялар тізімдемесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының музейлік коллекциялар тізімдемесі / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 88 б.
Басылым музей жинағын көпшілікке жария ету қызметін жүзеге асыру мақсатында дайындалды. Каталог музей топтамаларын жүйелеу бойынша тұрақты жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Басылымда бейнелеу өнері мен материалдық дереккөздері бойынша топталған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының жәдігерлері көрсетілген. Жалпы түрде олар музей топтамаларының бір бөлігі болып келеді: «Бағалы металдар және асыл тастар бұйымдары», «Сәндік вазалар», «Кілемдер», «Бейнелеу өнері бұйымдары: мүсіндер».
Әр бөлім кіріспе мақалалардан, жәдігерлердің фотосуреттерінен тұрады.
Көпшілік оқырман қауымға арналған.