Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 10 жыл: буклет / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. –134 б.
Буклет 2004 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған.
Басылымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдық қызметінің хроникасы: 2004 жылдан 2014 жылға дейінгі Музей тарихынан негізгі оқиғалар көрсетілген.
Буклет оқырмандарды Музейдің құрылымдық бөлімшелеріндегі бағыттармен және жетістіктермен таныстырады: Ғылыми-зерттеу орталығы, Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау орталығы, Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру орталығы, Экскурсиялық қызмет көрсету орталығы, Музей педагогикасы орталығы, Ақпараттық орталығы.
Басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған фотолармен иллюстрацияланған.