Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен) / авт.-құраст.: Р. Казбекова; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 46 б.
Аталмыш брошюра Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі білім бағдарламасының «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жұмыста тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері, социомәдени институттар жүйесіндегі музейдің рөлі туралы баяндалған, тұлғаны әлеуметтендірудегі музей педагогикасының алатын орны көрсетілген, оқушының өз пікірін білдіруге талпындыруды, әлеуметтік бейімдеуді жүзеге асыру үшін музейлік коммуникацияның интерактивтік формалары мен әдістері ұсынылған, музейдің білім мекемелерімен өзара қатынас тәжірибесі көрсетілген.
Брошюра материалдары музейлердің әлеуетін пайдалана отырып, оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеудегі ғылыми зерттеулерді белсенді етуге көмектеседі., музей ісінің қызметкерлеріне, әлеуметтік жұмысты жүргізетін мамандарға, әлеуметтік педагогика факультетінде оқитын студенттерге, әлеуметтік сала қызметкерлерінің көпшілік қауымына арналған.