Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары: ғылыми-қор жинағы

Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; авт.-құраст.: Н. Қ. Мусина, Г. А. Рамазанова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 204 б.
Ғылыми-қор жинағы Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамаларының 20 жылдығына арналады және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі әлемдегі жаһандық қауіп-қатерді еңсерудегі бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинақта алғашқы рет Елбасының Жеке мұрағатынан алынған Елбасының қолтаңбасы бар материалдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді. Осының негізінде еуразиялық идеяның тарихы, XXI ғасырда жаңа импульске және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағдыршешті бастауларының арқасында халықаралық-саяси атаққа ие болған қазіргі заманғы еуразиялық интеграцияның жағдайы қарастырылады.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған және анықтамалық құрал ретінде қолданылуы мүмкін.