Жоғары құрмет белгілері: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық наградаларының каталогы / С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева жалпы редакциялауымен. Құрастырушы-автор З. И. Молдагаринова. Астана. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2015. – 158 б.
Каталогта тұңғыш рет ғылыми-қор зерттеу нәтижелері ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қор сақтауындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық наградалары жинағы туралы мәліметтер ұсынылып отыр. Жинақ 500-ден астам бірліктен тұрады және құрамында: ордендер, медальдар, құрмет және естелік төс белгілері, аттестаттар, куәліктер, дипломдар, грамоталар және сертификаттар бар.
Құрмет белгілерінің тізбесі шартты түрде түрлі салалар бойынша құрастырылған: мемлекетаралық ынтымақтастық және интеграция, мемлекеттік басқару және экономика, білім, ғылым және денсаулық сақтау, өнер және мәдениет, спорт және туризм және т.б. салаларындағы тақырыптық (салалық) айдарлар пайдаланыла отырып, құрылған.
Әрбір награда бойынша оның атауы, берілген жылы, наградталушының қысқаша және нақты еңбегінің сипаттамасы, жекелеген жағдайларда – хаттама нөмірі және наградттаушы ұйымның актілік шешімінің күні, уақыты және тапсырылған орыны көрсетіледі. Награда сипаттамасы түсті фото бейнелеумен жабдықталған.
Безендірілген каталог музей және кітапхана қызметкерлеріне, зерттеушілерге және педагогтарға, сондай-ақ оқырмандардың қалың көпшілігіне арналып шығарылған.