ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ МУЗЕЙ

Қазіргі қоғамдағы музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру: халық. ғыл.-тəж. конф. мат., Астана қаласы, 25 тамыз 2014 ж. / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – Қазақ, орыс тілдерінде. – 274 б.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары енгізілді.
Музейлердің қазіргі кезеңдегі дамуына, олардың ғылыми жəне ағартушылық потенциалына, музейлік тəжірибеде интерактивтік жəне ақпараттық технологияларды пайдалануға, музей педагогикасына, Музейге келушілермен жұмыс жүргізудің жаңа əдістеріне байланысты өзекті мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, кешенді ғылыми тəсілді талап ететін музейтану саласындағы өзекті міндеттер белгіленді.
Конференцияға мемлекеттік ұйымдар, елшіліктер жəне музейлік қауымдастық өкілдері қатысты.