Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы Астананың қалыптасу тарихы: кітап-альбом

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы Астананың қалыптасу тарихы: кітап-альбом / құраст. Н. Қ. Мусина; ғыл. ред. басқарған
А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 118 б.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинақтарына арналған бұл басылым Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың қалыптасу тарихынан сыр шертетін маңызды құжат материалдарының, фондтың  алуан түрлілігінен мәлімет береді.
Кітап-альбом Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және қазақстандық қоғамды әлеуметтік-саяси жаңғыртудың стратегиясы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Кітап-альбом Астана тарихына қызығушылық білдіретін кең көлемді оқырмандар қауымына арналған.