Қазіргі уақытта жастар – қоғамның әлеуметтік-белсенді топтарының бірі, жаңа идеялардың және өмірлік күш-қуаттың бастамашысы болып табылады. Жастар еліміздің болашағы ғана емес, олар – еліміздің бүгіні.
Осыған орай, жас ұрпақтың бойында лидерлік қасиет пен кәсібилікті дамыту қазіргі қоғам алдындағы басты міндет болып табылады.
Музейдің ғылыми жобалары аясында өткен кездесулер, дебаттық турнирлер, элективті курстар, сабақтардың нәтижелері көрсеткендей, қазіргі таңда оқушыларымыз өз бойларындағы лидерлік қасиетті дамытуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жеке өмірлік тәжірибесін үлгі тұтады.
Жобаның мақсаты – Мемлекет басшысының жеке өмірлік тәжірибесі негізінде тұлғалық және саяси ұстанымын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылады:
1. тарихи, саяси, әлеуметтік және педагогикалық зерттеулер мен социологиялық салыстырмалы талдау жасау.
2. жинақ, ғылыми-әдістемелік материалдар, басқа баспа өнімдерін шығару, қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналына және өзге де республикалық басылым беттеріне мақалалар жариялау.
3. шеберлік сыныптар, тренингтер, ашық сабақтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, дебаттық турнирлер, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференциялар өткізу, «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсын жалғастыру.
4. Музейдің Білім беру бағдарламасы арқылы Жоба нәтижесін насихаттау.