№ 3 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» А. Назарбаев: личность и история»

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны тәуелсіз ел тарихымен сабақтас. Елбасы жасампаз идеялардың бастамашысы, қоғам мен мемлекет үшін маңызды әрі күрделі үдерістердің модераторы болып табылады. Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметі отандық және шетелдік БАҚ-та кеңінен ашып көрсетіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды ғылыми зерттеу, өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды талап етеді.

   Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянын одан әрі жүйелі түрде ғылыми зерделеу, әлемдік қоғамдастықтың Елбасының бірегей тұлғасына көзқарасын шолу, саралау.
 
   Қойылған мақсатқа сәйкес бұл жобаның зерттеушілік міндеттерінің аясына:
1. Мемлекет басшысының өмірбаянын одан әрі зерделеу;
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен факторларды анықтау;
3. Н. Ә. Назарбаев пен тәуелсіз Қазақстан тарихы арасындағы өзара байланысты ғылыми зерделеу;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің саяси қызметіне әлемдік және отандық қоғамдастықтың көзқарасын саралау;
5. Мемлекет басшысы қызметінің аясында Қазақстанда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы шетелдік және отандық БАҚ материалдарына шолу жасау.