Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы дамып келе жатқан және жалғасын тапқан бірқатар үдерістерге бастау болды. Ол үдерістер мемлекет пен халық өмірінің түрлі жағына, оның ішінде, елдің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын әлеуметтік-саяси даму мәселесіне қозғау салады.
Қазіргі кезеңде әрекетті әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының негізін құрайды. Соған сәйкес халықтың лайықты өмір сапасын және деңгейін қамтамасыз ету шешуші көрсеткіш болса, оған жету – мемлекеттің маңызды міндеті.
Қазақстан аймақта тұрақтылық белдеуін құру және үйлестірілген көп векторлы саясатты қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм, экстремизм, есірткі саудасы және қару-жарақтың заңсыз айналымы сынды қазіргі заманғы қауіпсіздікке төнген сын-қатерге қарсы іс қимыл барысында аймақтық, жаһандық ауқымда Қазақстанның алар орны ерекше маңызды.
Жобаның мақсаты – қазақстандық қоғамның қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси жаңғыруының тұжырымдамасын және негізгі тенденцияларын белгілеп, сипаттама беру, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын көрсету, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың осы үдерістердегі рөлін зерделеу және ашып көрсету.
Жоба келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстан халқының әл-ауқатын әрі қарай жақсартуға бағытталған қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси жаңғыруының негізгі бағыттарын зерттеу;
2. Елбасының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі идеяларын жүйелі түрде сараптау;
3. Н. Ә. Назарбаевтың осы үдерістердегі тарихи рөлін саралау және насихаттау.