№ 1 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм»

Қазақстанның тәуелсіздігі мен бейбіт саясаты тұрақтылық пен ұлттық бірліктің түбегейлі негізіне айналды. Республика барлық ТМД кеңістігінде шиеленіссіз ұлттық дамудың үлгісі болып, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа бейбітшілік пен келісімді республиканың тәуелсіздік жылдарындағы басты табысы деп атауға мүмкіндік берді.

     Н. Ә. Назарбаевтың бейбітшілік, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім идеясы еліміздің қоғамдық дамуының моделі, өзіндік тәжірибесі болып табылатын өзгертулердің терең мағынасын ашып көрсетеді әрі түбегейлі болып табылады.
      Қазақстанның ұлтаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы қызметі еліміздің гуманитарлық өлшемдегі маңызды табыстарының бірі ретінде әлемдік деңгейде танылды.
      Жобаның мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін, Мемлекет басшысының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлін зерделеу.
      Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылып отыр:
1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеуді жалғастыру, саяси жүйенің трансформациялануына байланысты олардың байланысын бақылап отыру;
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлін көрсету;
3. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және конфессияаралық үнқатысуды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар мен әлеуметтік-саяси болжамдар жасау.