5-жоба. «Егемен Қазақстанның саяси жаңғыруы».

Жобаның мақсаты – Қазақстан қоғамындағы саяси процестерді, саяси жүйенің даму эволюциясын, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің даму динамикасын, парламентаризмнің қалыптасу мәселелерін, бұқаралық сананың өзгеруін, қоғамдық өмірді ұйымдастыруда Қазақстандағы демократиялық дәстүрлердің дамуын, азаматтық қоғам құруды зерттеу және оған талдау жасау.
      «Қазақстан Республикасы: саяси жаңғыру» тақырыбында мақалалар мен материалдар жинағы баспаға әзірленді.
      Жоба аясында «Мемлекет және масс-медиа» атты ұжымдық монография шығару жоспарлануда.

Жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар саны - 22 (8 б.т.):
  «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында – 3 мақала;
  халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағында ақпараттық материалдар – 17.