Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметік саладағы мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
Бұл жобаның аясында 2007 жылдың 22 қарашасында «Нұр Отан» ХДП және «Ақ Орда» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Республика күніне арналған «Тарихтағы тұлғаның рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша «Тарихтағы тұлғаның рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы жарық көрді. Жинақтың көлемі - 17 б.т., түрлі-түсті иллюстрациялары бар.
Жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар саны - 70 (24 б.т.):
«Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында – 40 мақала;
халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағында ақпараттық материалдар – 31.