Ғылыми-білім беру қызметі

Ғылыми-білім беру қызметі

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру қызметі Қазақстанның тәуелсіздік тарихы мен оның дамуындағы Елбасының рөлін танымалдандандырудың инновациялық әдістерін енгізуге бағытталған жобалық қызмет арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми-білім беру бағдарламасы Елбасының мемлекеттің қалыптасуындағы, конституциялық құрылыс пен партиялық-саяси жүйені қалыптастырудағы рөлін көрсететін тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу   тарихын қамтыған 7 жобадан тұрады. Ғылыми-білім беру жұмысының ерекшелігі Елбасы кітапханасының қор жинағымен, атап айтқанда, архивтік, кітапханалық, музейлік жинақтармен тікелей байланысты болуында.

2015 жылдың қазан айынан бастап Елбасы кітапханасы  екі күндік семинар-тренингтер ұйымдастыру жобасын іске асыруда. Қоғамдық-саяси және бағдарламалық күн тәртібіне қарай өзектендіріліп отырады. 2015 жылғы семинардың тақырыбы «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам». 2017 жылғы семинардың тақырыбына арқау болған тарихи, саяси, экономикалық және идеологиялық тұрғыдан кеңінен зерделенген Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы. 2018 жылы семинар Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының желісіне құрылды.

2019 жылы семинар «Болашаққа жол өзіңнен басталады» деп аталатын қазіргі атауына ие болды. Бұл семинар-тренингтің ерекшелігі – оның негізіне Н. Назарбаевтың 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» сияқты бағдарламалық құжаттар, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, сондай-ақ Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы алынды. Семинар-тренингтердің тақырыбы жыл сайын қоғамдық-саяси күн тәрітібіне сай жаңғыртылып отырады. Бүгінгі таңда осы жобаға 10 000-нан астам тыңдаушы қатысты. 

2020 жылдан бастап еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екі күндік семинар-тренингтер ондайн режимде жүргізілетін екі күндік вебинарға ауыстырылды.  Вебинарларда теориялық материалға ғана емес, сонымен қатар жастардың сыни және жобалық ойлау қабілетін дамытуға мұқият көңіл бөлуге, командада жұмыс істеуге үйретуге,  тиүрлі жаттығуларды орындау арқылы лекциялық материалды бекітуге мүмкіндік беретін тренингтер өткізіледі.

Вебинар сертификациядан өткен. Оның аясында қатысушылар «Ең қызықты жоба үшін» және «Белсенді қатысқаны үшін» марапатталады. Бұл –  курстың онлайн тыңдаушылары үшін қосымша ынталандыру. 

Вебинар тыңдаушылары оң пікірімен жиі бөліседі, соның бірі: «Мен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарына қатысып, орасан зор тәжірибе мен эмоцияға кенелдім, қазақ мәдениеті, оның еліміздің жаңғыру мен даму үдерісіндегі маңызы туралы жаңа білімдер алдым. Бұдан басқа Елбасы кітапханасы профессорлары өткізген лекциялар мен тренингтер Елбасының өмір жолы туралы көптеген жаңа мағлұматтарды білуіме көмектесті. Мен Кітапхана басшылығы мен профессорларына барлық студенттер үшін осындай іс-шараларға қатысып, дамуына қолжетімді мүмкіндіктер бергені үшін алғысымды білдіремін».

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасымен бірге тұрақты түрде Лекторий іске асырылуда – елорда оқушылары, студенттер мен мұғалімдерге арналған лекциялар, музейлік сабақтар, шеберлік сабақтары, кездесулер, байқаулар өткізіледі.

Кітапхана қызметінің тағы бір ерекше бағыты – мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу. Ерекше балаларға арналған  көптеген әріптестермен бірге түрлі қайырылымдылық акциялары, жыл сайынғы мерекелер, арт-терапиялық сессиялар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады.

Кітапхана музейінің базасында «Ақиқат» дебаттық клубы ашылды. «Ақиқат» дебаттық клубы Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі түрде Тұңғыш Президент кітапханасының ауыспалы кубогы үшін үш негізгі маусымдық: күзгі, қысқы, көктемгі дебаттық турнирын өткізіп тұрады.

 Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары арнайы бағдарлама бойынша «зерттелмеген аралдарды» мектеп музейлерін аралайды. Мектепаралық музейаралық регата жобасы – елорда педагогтары мен Музей қызметкерлерінің табысты ынтымақтастығының нәтижесі. Ойын-саяхаттың шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының музейі – барлық «аралдарды» – өз экспозицияларындағы материалдардың негізінде өздігінен тақырыптық ойын маршруттарын құрастырып, экипаждар үшін конкурстық тапсырмалар дайындаған мектеп музейлерін біріктіретін «архипелаг» іспетті.

Елбасы кітапханасының қызметкерлері елорда мен өңірлердегі мектептердің тарих пәнінің мұғалімдеріне ғылыми-білім беру қызметін іске асыруға және Елбасының бағдарламалық мақалаларын түсіндіру аясында Кітапхана кеңістігінің әлеуетін пайдалануға әдістемелік көмек көрсетеді, ғылыми-білім беру іс-шараларын әдіснамалық талқылау жүргізеді.   

Кітапхананың Нұр-Сұлтан қаласының бірыңғай білім-тәрбие беру кеңістігіне интеграциялану бойынша жұмысын үйлестіруді білім  және тәрбие беру мекемелері мамандарының басын қосатын Педагогтар кеңесі жүзеге асырады.