3-жоба. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы рөлі».

Жобаның мақсаты – қоғамды өзгертудің жаңа проблемаларын, қайшылықтары мен келешегін, тиімді әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты қалыптастыруды, ТМД елдерін қайта ықпалдастыруды, постиндустриалдық қоғамға өту жолында өркениеттердің өзара әрекетін теориялық тұрғыдан зерделеп қана қоймай, сонымен қатар басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа түрлерін қалыптастырған жаңа мемлекетті дамыту стратегиясын анықтап, іс жүзіне асыра білген ғалым әрі мемлекет қайраткері ретіндегі Н.Ә. Назарбаевтың қызметін зерттеу.
      Ғылыми жоба аясында «Стратегиялық басқару моделін қалыптастыру мен құрудағы Мемлекет басшысының бастамалары» тақырыбында материалдар мен мақалалар жинағы баспаға әзірленді.

Жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар саны - 12 (2,9 б.т.):
  «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында – 5 мақала;
  халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағында ақпараттық материалдар – 7.