Аталған жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының көп векторлы саясатының стратегиясын қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлі мен оның сыртқы саяси беделінің нығаюын зерттеу мен көрсету болып табылады.
Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын құрудағы Мемлекет басшысының тарихи рөлін зерттеу;
2. еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шаралар қабылдаудағы Мемлекет басшысының негізгі идеяларына талдау жасау,
3. Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы тарихи рөлі мен орнын ашып көрсету.