Аталған жобаның мақсаты жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның егемендігін нығайтудағы, тәуелсіз мемлекеттілігін қалпына келтіру мен оны орнықтырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттеп, көрсете білу болып табылады.
Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1. тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына келтіру мен нығайту жылдарындағы, республиканың жаңа мыңжылдықтағы одан әрі дамуындағы Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі бағыттарын зерттеу;
2. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси үдерістердің негізгі үрдістерін анықтау;
3. осы үдерістердегі Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөліне талдау жасау және насихаттау.